Кездесу барысында жиналғандарға партияның сайлауалды бағдарламасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, үнпарақтар тараттылды.
Мекеме қызметкерлері де өз көкейінде жүрген мәселелерді ортаға салып, талап-тілектерін тілге тиек етті. Кандидаттар жұмысшылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді.
Партия бағдарламасында халықтың тыныс-тіршілігі, еңбегі, денсаулығы, білім, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы басты назарға алынғанын жеткізіп, осы бағыттар бойынша көптеген жоба жасалып, жүзеге асуына Nur Otan партиясы барынша ықпал ететінін жеткізді.
Білім беру мен медицина саласында атқарылатын басты жұмыстар атап көрсетілді.
Алдағы уақытта басқа да сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сай өткізіледі. Депутаттыққа үміткерлер көптеген ұйым мен шаруа қожалықтарының ұжымдарымен жолығып, халық көп шоғырланған орындарда да кездесулер өткізді.
Біздің мақсатымыз – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Сондықтан әрбір қазақстандықты алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасап, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз. Өйткені біздің болашағымыз – біздің дауысымызға байланысты, — деді кандидаттар.
Ескерту: Nur Otan партиясы Ақсу аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.