— Бірден сұрағымызды іспен байланыстыра кетсек, сайлау қаншалықты әділ өтеді деп ойлайсыз?
— Иә, бұл мемлекетімізде болып жатқан ірі саяси науқандардың басы болмақ. Себебі мемлекетіміздің әрбір азамат-азаматшасы өз дауысын құзіретті түрде шын пейілімен сайланушыларға жолдай алады. Демек, сайлау 100% әділ өтеді.
— Primaries-2020 кандидат ретінде ұсынысыңызды білдіріп, сайлауалды бағдарламаңызды ұсындыңыз. Егер сіз халық қалауымен депутат болсаңыз, қаншалықты деңгейде бағдарламаларыңызды жүзеге асады деп ойлайсыз?
— Бұл — саяси науқан, еліміздің бірсыпыра жағдайына көз жүгірткені рас. Халықтың ойынан шыққан идеяларды ұсыныс ретінде білдірдік. Бастысы – халыққа қызмет. Маңыздысы — депутат болып еліне қызмет ету ғана емес, әрбір азамат елі мен жеріне даму жолында қызмет етсе, үлкен жеңіс — сол.
— Бұл сайлаудың басқа сайлаулардан айырмашылығы қандай?
— Иә, расымен, бұл науқан елі мен жеріне қызмет етер азамат-азаматшаларды дайындап отыр. Басқа сайлаулардан айырмашылығы, әрбір партияның ел арасын аралап, үгіт-насихат жұмыстарын етене жүргізуінде. Халық пен билік арасындағы алтын көпір нығая түсті. Төртеу боп түгенделіп, бір мақсат пен бір мүдде үшін жұмыс істеп, дамыған, озық елдердің қатарына кірсек деген ұлы арманның бастауы да осындай ірі саяси жағдайлардан құралуы керек деген ойдамын.
— Сұхбатыңызға рақмет!
Ескерту: Nur Otan партиясының Кеген аудандық штабының Сайлау қорының қаражатынан төленді.