Бауыржан Исламхан — биылғы жылдың үздік ойыншысы

Премьер-лига клубтарының бапкерлері мен капитандарының дауыс беруі арқылы анықталған сауалнамада «Қайрат» командасының капитаны Бауыржан Исламхан 46 ұпай жинады. Екінші орынды екі ойыншы бөлісті. Бірі «Астананың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев, екіншісі «Қайрат» шабуылшысы Жерар Гоу. Олар 27 ұпай жинады. Ал сауалнамада 4 орынды 15 дауыс жинаған «Ертістің» португалиялық легионері Карлуш Фонсека иемденді. Сауалнамаға әрбір қазақзстандықтың дауыс беру құқығы болды. Ол ашық түрде жүргізілді.

Дереккөз24.kz