Сиқыр әлеміне хат

«Қымбатты, Аяз ата! Менің атым Жанарыс. Менің жасым 7-де. Мен М.Ғабдуллин ауылында тұрамын. Маған осы таңғажайып Жаңа жыл мерекесінде 6 киндер шоколад және самсунг телефон сыйлауыңды өтінемін. Жаңа жылдық тілекпен 4.12.2020 жыл»

Қамқор бала

«Құрметті Аяз ата! Сізді жаңа жылыңызбен құттықтаймын. Мен сізден квадроцикл қалаймын және менің анама, әкеме, ағама, әпкеме сыйлықтар әкеліңіз. Мен сізден сыйлықтар күтемін. Сәлеммен, Мурат Марлан.»

Болашақ фотограф«Қымбатты Санта Клаус! Мен сенен instaxmini сұрайын деп едім…»

Патриот балақай

«Сәлеметсіз бе, Аяз ата. Қалыңыз қалай… Мен Жаңа жыл мерекесін асыға күтемін. Мен Жаңа жылдан үлкен жақсылық күтемін. Еліміздің тыныш болғанын қалаймын. Достарыммен бірге алаңсыз ойнағанды қалаймын. Барлық балаға жаңа жылда көп қуаныш сыйлаңыз. Аяз ата, маған күшік сыйлаңызшы. Арнұр»

«Сүп-сүйкімді мысық сұраймын»

«Құрметті Аяз ата! Сізді келе жатқан таңғажайып мереке жаңа жылыңызбен құттықтаймын! Менің атым Ділдә. Мен сізге бірінші рет хат жазып отырмын. Осы оқу жылында мен үлгілі оқушы, ұқыпты қыз болдым. Осы мүмкіндікті пайдаланып, сізге балаларға беретін мейірімділігіңіз, сиқырларыңыз және ертегілеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Барлығымыз осы мерекені асыға күтеміз, өйткені ол үйге қуаныш әкеледі, жүрекке үміт толтырады. Осы кезде мектепте бізде демалыс болады. Біз достарымызбен серуендейміз, көңіл көтереміз, шана мен коньки тебеміз. Мереке алдында біз отбасымызбен жаңа жыл шыршасын безендіреміз. Осы күні анам көптеген тағам дайындайды. Менің сүйікті мерекем. Аяз ата мен үй жануарларын жақсы көремін. Мен сізден сүп-сүйкімді мысық сұраймын. Олар өте әдемі және ақылды. Мен ғажайыптарға сенемін. Сіз маған және менің жақындарыма денсаулық, бақыт сыйлаңызшы. Сізге көңілді Жаңа жыл тілеймін, сізге рахмет! Ділдә.»

Ойын баласы — Елдана

«Маған Аяз ата көп ойыншық сыйласа екен. Елдана»

Әдемі безендірілген хат

«Сәлеметсіз бе, Аяз ата! Осы жылы тәртіпті бала болдым. Менің осы жылғы тілегім — ЖСРГХ. Бұл — Цезарьдың шифры.»

Ата-анасының жанашыры

«Құрметті Аяз ата! Сізді жаңа жыл мерекеңізбен құттықтаймын! Көп уақытыңызды алмай, хатымды қысқа етіп жазуға тырыстым. Мен бұл жылы үлгілі оқушы, ұқыпты қыз болдым. Әкем мен анамды мектепте алған бағаларымды көрсетіп, қуанттым. Өскен кезде де ата-анамды бақыты еткім келеді. Аяз ата, өйткені мен оларды қатты жақсы көретін. Әкем маған сіз турады көп нәрсе айтып берген. Аяз ата, маған сыйлық алып келіңізші, өтінемін. Әрі ата-анама да, әпкеме де, ініме де сыйлық ұмытпаңыз. Рахмет!»

«Аяз ата, оны қалай жасау керек екенін білмесең…»

«Қымбатты Аяз ата. Мен Жаңа жылға сыйлық ретінде Roblox ойыны бойынша донат (ойындағы түрлі дүниені (скин, жануар, т.б.) сатып алуға арналған жүйенің ішкі ақшасы — ред.) қалаймын. Оны қалай жасау керек екенін білмесең, Melomen дүкенінен кодын сатып алуға болады. Бұл тілегімді орындай алсаң, алғысым шексіз. Алдын-ала рахмет!»