Жаңа дерек Павлодар облысында көп тіркелді, мұнда кейінгі тәулікте 104 адамның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Ал Ақтөбе, Қызылорда облыстарында коронавирус анықталған бірде-бір науқас жоқ.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 137 653 жетті. Оның ішінде:
Шығыс Қазақстан облысында — 17 234(+71);
Алматыда — 16 599(+65);
Нұр-Сұлтанда — 16 535(+41),
Атырау облысында — 11 871(+61);
Қарағанды облысында — 11 298(+30);
Батыс Қазақстан облысында — 8 344(+40);
Солтүстік Қазақстан облысында — 7 089(+75);
Павлодар облысында — 7 212(+104);
Алматы облысында — 5 957(+23);
Қостанай облысында — 5 955(+75);
Ақмола облысында — 5 802(+60);
Шымкентте — 5402(+2);
Жамбыл облысында — 4550(+18);
Ақтөбе облысында -3531(+0);
Түркістан облысында — 3517(+4);
Маңғыстау облысында — 3456(+1);
Қызылорда облысында -3301(+0).
Жазылғандар туралы
Қазақстанда 548 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтанда — 58,
Алматыда — 43,
Ақмола облысында — 70,
Ақтөбе облысында — 2,
Атырау облысында — 11,
Жамбыл облысында — 31,
Батыс Қазақстан облысында — 20,
Қарағанды облысында — 25,
Қостанай облысында — 213,
Қызылорда облысында -1,
Павлодар облысында — 71,
Түркістан облысында — 3.
Елімізде барлығы 121 347 адам COVID-19-дан айықты.
Ауырып жатқандар
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 14 210 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 1 001 бала бар. 3 803 науқас стационарларда, 10 427 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.
Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
COVID-19 белгілері бар пневмония
Өткен тәулікте 18 дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 76 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 43 124 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 456 науқас қайтыс болды, барлығы 31 032 адам жазылып шықты.