Президенттің жастар кадр резевріне алынатын үміткерлерге талап күшейді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2021 жылдың басында өтетін президенттің жастар кадр резервінің екінші іріктеуіне дайындық жұмыстары туралы ақпарат берді.

Іріктеуден 50 адам өтеді. Анар Жайылғанова үміткерлерге қойылатын критерийлер мен білік талаптарының күшейтілгені туралы айтты. Резервті жасақтау кезінде қоғамдық мүдделерді негізге алатын тұлғаларға басымдық беріліп, өзгерістер жөнінде нақты тәжірибесі бар заманауи басшыларды анықтауға мән беріледі.

Мемлекет басшысы ең үздік үміткерлерді таңдау үшін іріктеу жұмыстарын сапалы әрі ашық өткізудің маңызды екенін айтты.