Қасым-Жомарт Тоқаев: Ашық әрі әділ сайлау өткізуге ниеттіміз

Қазақстанда кезекті электорал процесс басталды. 2021 жылдың 10 қаңтарына Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті органдардың депутаттарын сайлау белгіленді. Сайлау конституциялық мерзімде өтеді. Биыл біз теңдессіз демократия реформаларын іске асырдық. Ол реформалар көппартиялықты және саяси бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. (…) Біз ашық әрі әділ сайлау өткізуге ниеттіміз. Әріптестеріміздің қолдауына үміттенеміз.(…) «, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн режимде өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммитінде.

Айта кетейік, Мәжіліс пен мәслихат сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

ДереккөзTengrinews.kz