2021 жылы мүгедектігі бар туралы құжаттарды рәсімдеу жеңілдейді

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, келесі жылы мүгедектігі бар туралы құжаттарды рәсімдеуді жеңілдету мақсатында цифр жобасы іске қосылады. Ол «Мүгедектікті сырттай белгілеу және проактив форматта әлеуметтік қызметті көрсету» деп аталады.

Бүгінде өтініш беруші бірнеше инстанцияға жүгінуге тура келеді. Қызметтер толық автоматтандырылғаннан кейін 2021 жылы өтініш беруші тек емханаға тексерілу үшін жүгінеді. Көрсетілетін қызметтердің қалған сатылары мүгедектікті белгілеуді, жәрдемақыны тағайындауды қоса алғанда кешенді электронды түрде жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру мүгедектігі бар адамдардың қызмет берушімен байланысын болдырмауға мүмкіндік беріп, қызмет уақытын едәуір қысқартады, — деді министр үкімет отырысында.

Біржан Нұрымбетов  сонымен бірге бұл жобаны толық жүзеге асыру үшін жыл аяғына дейін Денсаулық сақтау министлігіне қарасты ақпарат жүйелері және басқа да мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграция дайындығын аяқтау маңызды екенін айтты.