1 желтоқсанда Түркістандағы халықаралық әуежай ашылады

Әуежай бірінші болып отандық FlyArystan лоукостерінің Нұр-Сұлтан-Түркістан бағытында ұшатын жолаушыларын қабылдайды.

Ал 5 желтоқсаннан бастап Алматыға рейстер ұшады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, Түркістан күн сайын түрленіп, құрылыс жұмыстары қарқын алып келеді.

Тарихи-мəдени сипатқа басымдық беріп, көп мəдениет, спорт нысаны салынды, туризм инфрақұрылымына назар аударып жатырмыз. 120 адамға арналған Rixos Turkistan жаңа қонақ үйі, «Түркістан-Арена» көп функционал стадион мен «Конгресс-холл» көпфункционал концерт залы пайдалануға берілді. Келесі жылы тағы 120 адамға арналған Hampton by Hilton қонақүйі мен көпфункционал Керуен-Сарай турист кешені ашылады, — деді Ақтоты Райымқұлова.