3 айлық акселерация бағдарламасының қорытындысы бойынша Доступный Казахстан, SOQ.KZ және Smart Closet стартаптары 42 миллион теңге көлемінде инвестиция тартты. Сонымен қатар, командалар өз өнімдерінің сатылымдарын 19 миллион теңгеге арттырды және 78 жаңа жұмыс орнын ашты. Бұл — онлайн форматта өткізілген үшінші Demo Day іс-шарасы. Үздік стартаптардың таныстырылымын әлемнің кез келген бұрышынан көруге мүмкіндік жасап, технопарк іс-шараны YouTube платформасындағы ресми парақшасында трансляциялауды ұйымдастырды.
Demo Day-ге іріктеуден өткен жобалар тізімі:
Balapay — оқушылар мен ата-аналар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі (тамақтану төлемі, қоғамдық көлікте жол жүру төлемі);
IPJ Company — B2B саласындағы іскерлік тәуекелдерді болжайтын калькулятор. Сервис қорғаудың оңтайлы тәсілдерін таңдауға көмектеседі;
SOQ.KZ — құрылыс саласындағы онлайн маркетплейс;
ALLFOOD — Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына азық-түлік жеткізу қызметі;
Startup-course.com — виртуалды бизнес-инкубатор. Жоғары оқу орныдарында жаңа стартаптар құруға көмектеседі;
TrandyGo — дизайнерлер мен қолөнер шеберлеріне арналған маркетплейс;
Toleme — бұл борышкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін сервис;
Repetitor.mobi — емтиханға дайындалуға арналған онлайн платформа.
Smart Closet — жұмысбасты аналарға арналған онлайн стилист қызметі.
Demo Day кезінде бағдарлама түлектері акселерацияның үш ай уақытындағы жұмысы мен оқуы барысында қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді. Түлектердің басты міндеті болашақ инвесторларды қызықтырып, өз жобасын дамытуға инвестициялар тарту болды.
Акселерация бағдарламасынан барлығы 30 жоба өтті. Олар Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жаңаөзен, Томск (Ресей), Виннипег (Канада) және Душанбе (Тәжікстан) қалаларынан болды. Бұл ретте Astana Hub акселератор бағдарламасы онлайн форматта үшінші рет өткізілді. Мұндай шешім әлемдегі коронавирустық пандемияға қарсы карантиндік шараларға байланысты қабылданды. Осының арқасында қатысушы стартаптар үйден шықпай-ақ білім ала алды. Бұған дейін акселерациялық бағдарлама Astana Hub технопаркінде тікелей эфирде өткізіліп, іріктеу кезеңінен өткен стартап-командалар Нұр-Сұлтанға келіп қатысатын.
Оқу барысында қатысушылар сатылымдардың құрылымы, мәмілелер жасау және сатылымдарды жоспарлау кезеңдері туралы білім алды; гипотезаларды тексеру, клиенттермен жұмыс істеу кезінде қажетті және тыйым салынған мәселелерді ескере отырып, сұхбат скрипттерін құрды. Ендігіде, Astana Hub акселераторының түлектері клиенттерге арнлаған құнды ұсынысты шебер тұжырымдай алады, B2B және B2C секторларында сату процестерін құра алады. Контентті іс жүзінде пысықтағаннан кейін командалар өздерінің жұмыс алгоритмдерін құрап, трекерлерден өз өнімдерін сатудың негізгі көрсеткіштері туралы кері байланыс алды.