Жаңа дерек тағы Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда 125 адамнан инфекция анықталды. Павлодар облысында 121, Солтүстік Қазақстан облысында 108 адам COVID-19 жұқтырды.
Ал Қызылорда облысында бірде-бір науқас жоқ.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 131 65-ға жетті. Оның ішінде:
Шығыс Қазақстан облысында — 16 316 (+125);
Алматыда — 16 103(+70);
Нұр-Сұлтанда -16 043(+54);
Атырау облысында — 11 633(+17);
Қарағанды облысында — 11 102(+25);
Батыс Қазақстан облысында — 8 038(+44);
Солтүстік Қазақстан облысында — 6 399(+108);
Павлодар облысында — 6 375(+121);
Алматы облысында — 5 714(+32);
Шымкентте — 5 365(+4);
Қостанай облысында — 5 299(+87);
Ақмола облысында — 5 163(+91);
Жамбыл облысында — 4 422(+11);
Ақтөбе облысында — 3 484(+3);
Түркістан облысында — 3 478(+1);
Маңғыстау облысында — 3 435(+1);
Қызылорда облысында — 3 290(+0).
Аурудан айыққандар
Қазақстанда тағы 274 адам COVID-19-ды жеңді:
Ақтөбе облысында — 2;
Атырау облысында — 3;
Шығыс Қазақстан облысында — 180;
Батыс Қазақстан облысында — 12;
Қарағанды облысында — 20;
Қостанай облысында — 2;
Қызылорда облысында — 3;
Павлодар облысында — 17;
Солтүстік Қазақстан облысында — 35.
Елімізде барлығы 116 461 адам коронавирустан жазылды, 2 034 науқас қайтыс болды.
Емделіп жатқандар
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 164 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 905 бала бар. 3 516 науқас стационарларда, 9 648 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.
222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
COVID-19 белгілері бар пневмония
Өткен тәулікте жаңа 43 дерек тіркелді. Бір күнде 41 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап 42 147 науқастан пневмония анықталды, оның 443-і қайтыс болды, барлығы 30 535 адам жазылды.