Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілік кәсіпкер аудандық орталық ауруханаға 10 дана оттегі концентратын тарту етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде Үкімет мүшелерімен, орган басшыларымен, қалалар мен облыстардың әкімдерімен видеоконференция режимінде өткізілген кеңесте:
Пандемия кезінде отандық дәрігерлердің тиісті тәжірибе жинағанын, бұл дерттің негізгі белгілерін айқындап, онымен күресу жолдарын үйренді. Қазіргі міндет – көктемдегідей жаппай карантинге жеткізбей, пандемияны ауыздықтау — деп айтып өткен болатын.
Бұл тұрғыда өңірдегі дәрігерлер де пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстарын пысықтап отыр.
Аудандық ауруханалар қажетті аппараттар мен дәрі-дәрмек қорын жеткілікті деңгейде сақтауда.