Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирус...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар статистикасы қалай өзгерді?

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 125 466 жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15594(+52),
Нұр-Сұлтанда -15570(+59),
Шығыс Қазақстан облысында — 15075 (+198),
Атырау облысында — 11523(+13),
Қарағанды облысында — 10937(+18),
Батыс Қазақстан облысында — 7730(+43),
Алматы облысында — 5521(+26),
Солтүстік Қазақстан облысында — 5523(+91),
Шымкентте — 5328(+5),
Павлодар облысында — 5482(+93),
Қостанай облысында — 4699(+75),
Ақмола облысында — 4563(+56),
Жамбыл облысында — 4314(+10),
Түркістан облысында — 3459(+5),
Ақтөбе облысында -3440(+6),
Маңғыстау облысында — 3424(+2),
Қызылорда облысында -3284(+4).

COVID-19-дан айыққандар

Қазақстанда өткен тәулікте 397 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Нұр-Сұлтан қаласында — 33,

Алматы қаласында — 17,
Ақмола облысында — 35,
Атырау облысында — 1,
Шығыс Қазақстан облысында — 64,
Батыс Қазақстан облысында — 10,
Қарағанды облысында — 10,
Қостанай облысында — 49,
Павлодар облысында — 20,
Солтүстік Қазақстан облысында — 158.

Елімізде барлығы 112 292 адам COVID-19-дан сауықты. Өткен тәулікте коронавирустан 5 адам көз жұмып, жалпы статистика 1 983 адамға жетті.

Ауырып жатқандар туралы мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясыдан 11 191 адам ем алып жатыр. Олардың арасында 614 бала бар. Стационарларда 3 165 науқас бар. 8 026 адам амбулаториялық жағдайда емделіп жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 214 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың жай-күйі аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Коронавирус белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 157 дерек тіркелді, 2 адам қайтыс болды. Бір тәулік ішінде 99 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 41 159 адамнан пневмония анықталды, оның 427-і қайтыс болды, 30 059 адам сауығып шықты.