Басты бетҚоғамҚазалыда дәрі-дәрмектің...

Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры жасақталды

Аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев Қазалы ауданаралық ауруханасы мен теміржол ауруханасына арнайы барып, медициналық мекеменің дайындық жұмыстарымен танысты.

Дайындық жұмыстарын пысықтауға келген аудан әкімінің орынбасарына Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева мен «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-ның бас дәрігері, атқарушы директоры Сейілхан Артықбаев бүгінгі таңдағы аудандағы эпидемиологиялық ахуал жайында толық мәлімет беріп, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Бүгінде жергілікті ауруханаларда кемі 2 айдың дәрілік заттары мен медициналық құрал-жабдықтардың қоры жеткілікті.

Мұнан соң Әліби Берікұлы аудан орталығындағы ең ірі дәріханалардың бірі орналасқан «Нұр.Мед.кз» медицина орталығына соғып, сатылымда бар дәрілік заттардың мөлшерін білді.

Жеке кәсіпкер Айнұр Тұрымбетованың айтуынша дәріханада ұзын сонар кезек болмаса да, сақтық шаралары әлі де қатаң бақылауда. Арақашықтықты сақтап, ішке үш адамнан артық кірігізілмейді. Сөрелерде елімізден бөлек, алыс-жақын шет елдерден жеткізілген емдік препараттар тұр.