Басты бетҚоғамҚызылорда өңірінде...

Қызылорда өңірінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» 90,7% орындалды — Гаухар Қалмақова

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова мәлімдеді.

2021 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы жалғасын табады. Қаржыландыру лимиті 14,6 миллиард теңге көлемінде. Оның 25%-і шағын несиелендіруге бағытталмақ. Келесі жылы тұрақты жұмыс орындарын құрумен қатар шағын және орта бизнесті қолдауға басымдық беріледі. Биыл 17602 жаңа жұмыс орынын ашу көзделсе, жоспар артығымен орындалып, 19805 тұрғын еңбекпен қамтылды. Оның 14761 тұрақты, — деді Гаухар Қалмақова.

Айта кетсек, облыс бойынша 2020 жылдың 3 тоқсанында жұмыспен қамтылған халық саны – 329700 адам. Ал жұмыссыздық деңгейі 4,9%, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,2% болды.