Басты бетМедицинаCOVID-19-ға қарсы...

COVID-19-ға қарсы отандық екі вакцина келешегі зор биоқұралдар қатарына енді

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде кеңес кез келген қиындық пен дағдарыс жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.

Пандемиясы кезінде де айтарлықтай жетістіктеріміз де бар. Отандық екі бірдей вакцина келешегі зор дүниежүзілік биоқұралдар қатарына енді.

Үкіметтің алдында тұрған үлкен міндет — отандық вакцинаны ешбір кедергісіз өндіріске енгізу. Уақытша тіркеу тәртібін жеңілдетіп, вакцинаның тәжірибелік-өнеркәсіп және өнеркәсіп өндірісіне арналған зауыт құрылысын аяқтау қажет. Мен Владимир Путинмен ресейлік вакцина өндірісі зауытының құрылысы бойынша келісімге келдім. Үкімет осы қажетті жобаға инвестиция тарту бойынша келіссөздерді бастап та кетті. Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің барлық бағыты бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Мұндай шараларды дамыған мемлекеттердің бәрі қабылдап жатыр. Парламенттің осы сессиядағы жұмысы аяқталғанға дейін депутаттардың қарауына Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі заң жобасын енгізу керек, — деді Мемлекет басшысы.