«Қазгидромет» синоптиктері алдағы 3 тәулікте ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың болжамы бойынша орталығы Самараның үстінде орналасқан Солтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына әсер ете береді.
Кей өңірде әлі де қар жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар мол түседі, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендейді. Еліміздің кей жерінде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады.