Павлодарда 62 мұз айдыны бар

Павлодар облысында қысқы спорт түрлерін дамытуға баса назар аударылған. Сондықтан, биыл павлодарлықтар үшін 62 ірілі-ұсақты мұз айдыны құйылды. Бұл – бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Бұған дейін олардың қатары әлдеқайда аз болған.

Павлодар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаевтің айтуныша, мұз айдындары көктемге дейін халық игілігіне жарамақ.

«Облыста қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылық артуда. Бүгінгі күні балалар-жасөспірімдер мектептерінде мәнерлеп сырғанау мен хоккеймен айналысатындардың қатары 500-ден асқан», – дейді Нұрлан Есембаев.

Айта кетейік, Павлодар облысында спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың саны 220 мыңға жеткен. Ал 25 жыл бұрын бұл көрсеткіш небары 90 мың болған.