Әнші Sia бүркітші қыз Айшолпан туралы ән жазды

Фильм режиссері Отто Белл. Фильмнің аты «The Eagle Huntres» Ол ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып жайлы.

Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жанды ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де — қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова.

Айшолпан Нұрғайып әкесі, анасымен бірге 6000 мильді еңсеріп, Моңғолиядан АҚШ-қа, Парк-Ситиге келді. Бүркітші қыз туралы деректі фильм 28 қазаннан бастап Нью-Йорк пен Лос-Анджелес кинотеатрларында көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн.

ДереккөзҚазАқпарат