Майя Бекбаева мен Закиржан Кузиев жаңа қызметке тағайындалды

Тиісті жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының өкімдерімен Майя Толегеновна Бекбаева және Закиржан Пирмухамедович Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды, — делінген құжатта.

 

Бұл лауызымды бұған дейін атқарған Юсуп Келигов пен Шерзод Пулатов президент жарлығымен қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Қазақстан халқы ассамблеяның төрағасы — Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының бірінші президентi  ассамблеяны өмiр бойы басқаруға құқылы. Жансейіт Түймебаев ассамблея төрағасының орынбасары, Қазақстан президенті әкімшілігінің ҚХА хатшылығының басшысы қызметін атқарады.