Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Головкинді күшпен емес, айламен жеңемін – Сондерс

Билли Джо Сондерс. Сурет: ©xsport.ua

boxingscene.com порталының мәліметінше, Билли Джо Сондерс қазақстандық боксшыдан тайсалмайды.

«Мен топас емеспін. Головкинді күшпен ұта алмайтынымды білемін. Мен оның ырғағын бәсеңдетіп, өз соққыларымды дарытып, айламен жеңемін. Оның үстіне Головкин 34-ке аяқ басты, ал мен бабыма енді келдім», — деп мақтанды Сондерс.

Айта кетейік, әзірге Сондерс пен Головкин арасында жекпе-жек өткізу туралы әңгіме жоқ. Қазақстандық боксшы WBA тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы америкалық Дэниел Джейкобспен келіссөз жүргізіп жатыр.

 

Мақалаға реакция

1 Пікір

  1. A
    Askar 10 жыл бұрын
    Адамдеген әліне қарап сөйлеу керек