Анықталған 759 карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 35 516 730 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.
Карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі үй жағдайында көпшілік жиын ұйымдастыруға қатысты және қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік сауда орындарына қатысты анықталған. Оның ішінде жеке кәсіпкерлікке қатысты — 14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға-354, ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 391 әкімшілік хаттама толтырылған.
Халыққа қызмет көрсету орындарындағы карантин талаптарын бұзушылықтың басым бөлігі санитариялық талаптардың сақталмауына қатысты анықталған, яғни қызметкерлер маскасыз, қорғаныш қолғаптарынсыз халыққа қызмет көрсеткен, сонымен қатар шекті уақыттан асырып жұмысын жалғастырған нысандар да бар.
Атап айтқанда, 264 дерек маска тағу ережесін бұзуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша – 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша – 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауы бойынша– 14 талап бұзушылық орын алды.
28.10.2020 жылы облыс бойынша карантин талаптарын сақтамаған 7 жеке тұлғаға 291 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Атап айтқанда: Қазалы ауданында «Рау-Илья» кафесінде халыққа қорғаныш құралдарынсыз (қолғап) қызмет көрсеткен. Сонымен қатар жеке тұрғын үйде отбасылық шара (той) өткен. Карантин талаптарын бұзушы 2 жеке тұлғаға 83 340 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде той өткізгендігі үшін жеке тұлғаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сырдария ауданында «Арзан базар» сауда орнында орналасқан дүкен және «Ғазизбек» фотосалоны халыққа жеке қорғаныш құралдарынсыз (қолғап) халыққа қызмет көрсеткендігі үшін 2 жеке тұлғаға 83 340 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Шиелі ауданындажеке тұрғын үйде көпшілік мерекелік іс-шара (той) өткізгендігі үшін жеке тұлғаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жаңақорған ауданында үй жағдайында той өткізгені себепті 41 670 теңге әкімшілік айыппұл салынды.