Қаулыға сәйкес, енді ПТР сараптамасы теріс нәтиже көрсеткені туралы анықтамасы жоқ шетел азаматтары және республика аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушылар әуе кемесі бортына отырғызылмайды.
Ал Қазақстан азаматтары, республика аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда бойында COVID-19 бар-жоғын тексеру үшін 7 тәулікке дейін стационарға, оқшаулауға жатады. Коронавирус инфекциясы анықталмаған азаматтардан тиісті қолхат алынады, инфекцияның ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. Ал бойында COVID-19 анықталған адамдар инфекция стационарына жатқызылады.
Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.