Басты бетМедицинаҚазақстанның бір...

Қазақстанның бір облысында блокпост қойылады

Блокпосттар 1 қарашада орнатылатыны хабарланды.

Құрметті Шығыс Қазақстан тұрғындары, өздеріңіз білетіндей, бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 болып отыр. Облыстағы эпидемиология жағдайының нашарлауының негізгі себептері — тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сонымен бірге шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып отыр. Осыған байланысты ҚР Үкіметінің келісімі бойынша 2020 жылғы 1 қарашадан бастап ШҚО-ның сыртқы шекараларында блокпосттарды енгізе отырып, шаруашылық және өзге де қызмет пен халықтың өмірінің жағдайларына шектеу шаралары енгізіледі. Қалыптасқан эпидемиология ахуалында өңір басшылығы Өскемен мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайды. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантин шараларының салдарынан барынша қорғауға тырысамыз, — делінген хабарламада.

Жаңа қаулы жақын арада жарияланады.

ДереккөзTengrinews.kz