1% podcast

Жоба жүргізушілері Данияр Әбенов пен Жанар Рахметова жаңа дүние білгісі келетіндерге пайдалы болатын орысша подкаст ұсынады. «Бір процентке» келген қонақтар суықты жақсы көрудің себептері туралы әңгімелеп, мазақ пен келекеден неге қорықпау керек екенін айтады. Сонымен бірге биохакинг, Youtube арқылы ақша табу туралы да мағлұмат береді. Жобаның мақсаты — тыңдарманның тым болмаса 1%-не дамып, білімін арттыруға көмектесу.

1 процент подкасты
1% подкасты

Тыңдау

«Тамаша жыл» — The Big Year podcast

«Тамаша жыл» аудиоподкастының 100 шығарылымы қазақ тілінде жарияланған. Жоба авторы әрі жүргізушісі Талшын Тоқыжанова түрлі тұлғамен сұхбаттасып, тұлға ретінде даму, позитив ойлау, тайм-менеджмент сияқты салалар бойынша қызық әрі пайдалы ақпарат береді. Жекелей алғанда «Қазақ тағамдарын күнделікті өмірге бейімдеу», «Қазақ тілін үйренгісі келетіндерге аудио-хат», «10 000 сағаттық ереже» сияқты тақырыптарты атап өтуге болады.

Тамаша жыл подкасты
Тамаша жыл подкасты

Тыңдау

Qarlygash podcast

Qarlygash podcast тұрмыстағы экология тақырыбын көтерген алғашқы қазақша жобалардың бірі. Оны қоршаған орта жанашырлары Назым Сапарова мен Лилиана Әлжанова ұсынып отыр.

Qarlygash аудиоподкасы 18-45 жас аралығындағы қыз-келіншектерге арналған. Экожоба аясында осы салаға қатысы бар Пәкизат Сайлаубекова, Ғалия Алтай, Нұрым Өмірзақов, Оразай Қыдырбаев, Салтанат Асхатқызы, Аида Әлімбекова сияқты спикерлердің сұхбатын да тыңдауға болады. Подкастарда дұрыс тамақтануауыл экологиясы, экология және адам құқығы, қоршаған ортаны қорғау, хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайы, қоқысты сұрыптау, тауар маркировкасын қалай ажырату керек, экобьюти болу тренді сияқты тақырыптар қозғалды.

Qarlygash подкасы
Qarlygash подкасы

Тыңдау

RECvisit podcast

RECvisit — төрт достың өмір жайлы өзекті сипаттағы, ал кейде жәй қызық бағыттағы әңгімесі. Әр эпизодта жастар өзін мазалайтын сұрақтарға жауап табуға тырысады. RECvisit — жас адамның көзқарас призмасы арқылы шығармашылық, жұмыс, адамдар, жыныстық қатынас және әлеуметтік тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін алаң.

RECvisit
RECvisit

Тыңдау

Eki kese podcast

Қазақ тіліндегі Eki kese аудиоподкастының тұрақты жүргізушісі — Бэлла Орынбетова. Мұнда өмірге, адамдарға, құбылыстарға деген тың көзқарастар, пікірлер айтылады. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті проблемалар туралы да сөз қозғалады. Саясат, ксенофобия, карантин кезіндегі қашықтан оқу секілді түрлі тақырыптар бар.

Eki kese
Eki kese

Тыңдау