Бір-біріне ұқсамайтын өнер стилі бар суретшілерді өздерінің тамырына деген терең қызығушылық, өз халқының тарихына деген құрмет пен сүйіспеншілік біріктіреді. Өнердегі жаңа формалар мен әдістерді іздеу бұл көрмені өткен ғасырдағы қазақ ұлттық кескіндемесі дамуының ажырамас және үйлесімді жалғасына айналдырған. Бұл – «Kulanshi ArtSpace» галереясында өткізілген 19-шы көрме. Қонақтарымыздың қауіпсіздігі үшін біз көрмеге жеке баруды уақытша алып тастадық. Экскурсияны 30 адамнан өткіземіз, үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын, — деп түсіндірді ForteBank басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили.
«Аңыздар» экспозициясын төрт автордың әрқайсысы бір-біріне ұқсамайтын техникаларымен және стильдерімен ұсынған. Барлығы 75 жұмыс бар, оларды бір түйінді ой ғана біріктіреді: суретшілер бүкіл өмірін тарихты зерттеуге, рәміздерімізді, петроглифтерді, үңгір суреттерін жан-жақты зерттеуге және жандандыруға, өз халқының эпостары мен аңыздарын талдауға арнаған, — дейді Kulanshi қазіргі заманғы өнер орталығы кураторлар кеңесінің төрағасы Лейла Махат.
Оның айтуынша, мұнда кездейсоқ шығарылған бірде-бір жұмыс жоқ. Олардың барлығын шынайы, Отанға деген патриотизмді насихаттайды.
Биылғы 15 қазанда басталған экспозиция 23 қарашаға дейін жалғасады. Көрме Нұр-Сұлтан қаласы Достық көшесі 8/1, ForteBank бас кеңсесі мекенжайында өтіп жатыр.
Көрмені тамашалау үшін экскурсияға «Құланшы» орталығына келесі телефондар арқылы жазылу қажет: + 7 (702) 510-57-20; +7 (717) 274-47-09. Кіру тегін, бірақ карантиндік шаралардың шарттары қатаң сақталады — Kulanshi ArtSpace галереясына бір мезетте 30 көрерменнен артық кіре алмайды. Қатысушылар қорғаныш маскасын міндетті түрде тағу керек. Ұсынылған экспозицияларды толығырақ зерттегісі келетіндерге кәсіби гид қызмет көрсетеді.