Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда сальмонеллезбен...

Қазақстанда сальмонеллезбен сырқаттанушылық деңгейі 7 есе төмендеді

Сальмонеллез – Salmonella бактериясымен шақырылатын, температураның көтерілуімен, іш бөлігіндегі қатты ауру сезімнің болуымен, құсумен және іш өтумен сипатталатын  жедел жұқпалы ауру. Алғашқы белгілері жұқтырғаннан кейін  6-72 сағаттан соң (әдетте 12-36 сағаттан кейін) пайда болады және сырқат 3-тен 8 тәулікке дейін созылады.

Көп жағдайда сальмонеллезбен сырқаттанушылық жеңіл түрде өтеді, пациенттер арнайы емсіз айығып кетеді. Алайда аурудың салдарынан болған сусыздану жас балалар мен қарттардың өміріне үлкен қауіп тудыруы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген бағасы бойынша, әлемде жыл сайын  адамдар арасында сырқаттанушылықтың 10 миллиондаған жағдайы тіркеледі, ал аурудың 100 мыңнан аса жағдайы өліммен аяқталады.

 Адамдар сальмонеллезді көбіне жануарлардан алынатын өнімдерді (жұмыртқа, ет, сүт және т.б.) пайдаланғанда жұқтырады, алайда инфекция жұғуына басқа да өнімдердің, нәжіспен ластанған жасыл жемістердің қатысы болуы мүмкін. Сонымен қатар адамдардың сырқаттанушылығы үй жануарларын қосқанда, инфицирлеген жануарлармен қарым-қатынас нәтижесінде болады. Жеке жағдайларда жұғу көзі  ауру адам болуы мүмкін.

Сальмонеллездің алдын алу үшін

жануарларды союдан тушаларды өңдеуге дейінгі және коммерциялық орындарда, үйде тамақ өнімдерін дайындау кезіндегі тамақтану тізбегінің барлық буындарында бақылау шараларын қабылдауды қажет етеді. Қолды, әсіресе үй жануарларымен  немесе ауыл шарушылығындағы жануарлармен қарым-қатынаста болғанда, сонымен қатар әжетханада болғаннан кейін, мұқият жуу керек. Жеміс-жидектерді әсіресе шикі түрінде пайдаланар алдында мұқият жуу қажет.