Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, комиссия мүшелері, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі мүшелері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Бүгінде облыс көлемінде 996 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның 454-і өңірдің рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсенді араласып, үлестерін қосып келеді.
Жылдан жылға мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам құрылымдарына қаржылай қолдау көрсету көлемі де ұлғайып, үкіметтік емес ұйымдардың сан-салалы бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалып жатыр.
Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржы соңғы 4 жылда 3 есе артқан.
Жобалар жәрмеңкесіне ұсынылған жобалар негізінен мемлекеттік бағдарламаларда айтылған негізгі басымдықтарды іске асыруға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау, ішкі туризмді дамыту, отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру, жастарды, ауылдық ҮЕҰ-ды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдауға, волонтерлікті дамытуға бағытталған. Жобалар жәрмеңкесіне 201 миллион 159 мың теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылған.
Бұл бастама облысымызда азаматтық қоғамды дамытуда ерекше маңызға ие болып отыр.
Жобалар жәрмеңкесінің мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың қоғамға, елдің дамуына септігін тигізетін идеяларын жүзеге асыру.
Жобалар жәрмеңкесінде жеңімпаз атанған жобалар бойынша әрі қарайғы процесс «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға сәйкес жүргізіледі.