Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол мұның алдында Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеген. Президент жарлығымен Әсем Нүсіпова бұл лауазымынан босатылды.
Әсем Нүсіпова 1975 жылы Алматыда туған. 1996 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 1998 жылы осы университеттің магистратурасын бітірген.
2001-2003 жылдары Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы, Президенті әкімшілігі жүйелі зерттеулер орталығының сарапшысы, сектор меңгерушісі,
2003-2005 жылдары қаржы министрінің кеңесшісі,
2005 жылы премьер-министрдің кеңесшісі,
2005-2007 жылдары премьер-министр кеңсесінің қорытынды сараптау бөлімінің меңгерушісі,
2007-2008 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі,
2008-2016 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,
2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары,
2020 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ бас консультанты қызметтерін атқарған.