Азат Азаматов кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — деп үкім шығарды судья Мәди Көшікбаев.
Tengrinews.kz порталының хабарлауынша, сот Азат Азаматовқа Алматы полиция департаментіне келтірілген материалдық шығын (бүлінген полиция автокөлігі) үшін 5,4 миллион теңге төлеуді міндеттеді.
Ал жәбірленуші Динара Аманның пайдасына Азат Азаматов баласы 18 жасқа толғанға дейін бір миллион теңге моральдық шығын және 36 миллион теңге төлеуі керек болады.
Қаза тапқан полицейдің әкесінің пайдасына Азаматов бір миллион теңге моральдық шығын және 2,8 миллион теңге материалдық шығын төлеуі керек.
Қаза тапқан екінші полицейдің әйелінің пайдасына сотталған адамнан оның үш баласы 18 жасқа толғанға дейін 15 миллион теңге өндіріп алынатыны айтылады.