Басты бетЖаңалықтар"Нимоджи Қазақстан"...

«Нимоджи Қазақстан» қосымшасы қазақи ұлттық стикерлер шығарды

Ұлттық Эмодждар-Нимоджи идеясы Қазақстанда туындаған. Сол себепті де Қазақстан бұл жобаның бастапқы алаңына айналып, қосымша кейіпкерлері қазақ тарихы мен салт-дəстүрлеріне негізделіп дайындалды. Қосымшадағы жігіттің аты — Айбала, енді оның Ақсауле деген құрбысы бар. Екеуі де көңілді, əзілқой, күш-қуат пен оптимизмге толы. Олардың бойында адамға тəн қылықтардың бəрі бар, кейіпкерлер образының ерекше болуы да сондықтан.

Бүгінгі күннен бастап Apple AppStore немесе  Google PlayMarket-те  НИМОДЖИ ҚАЗАҚСТАН қосымшасын жүктеу арқылы қолданушылар қазақи ұлттық эмоджи-стикерлерін WhatsApp, Facebook Messenger, Viber, iMessage, Telegram және т.б мессенджерлерінде қолдана алады. Әзірге жалпы саны 120 көңіл-күй және жеке өмірлік жағдайлар қолжетімді. Стикерлер саны тағы да артады.

«Қосымшаны қолдану өте жеңіл. Бейнені мəтінге немесе диалог хатына қою үшін қолданушыға мессенджерден  шығудың қажеті жоқ. Тек виртуалды клавиатураны және қажет эмоджи-стикерді таңдап қойса болғаны және мессенджерде бейне қойылады. Стандартты эмоджилар ешқандай өзгеріссіз, бұрынғыдай қолданушыға қолжетімді. Әрбір хат алушы эмодж-стикерлерді ала алады, тіпті ол қолданушыда НИМОДЖИ-ҚАЗАҚСТАН қосымшасы орнатылмаған болса да. Жаһандану заманында біз әрбір елдің, мемлекеттің, ұлттың мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтейміз. Сол себепті біз қарапайым ғана текстік сөйлеуде мәдениет пен ұлттық нақыштың қолданылуын ескердік. Бұл біздің мисиямыз деп білеміз», — деп атап өтті NimojiSoftwareLimited өкілдері.

Айта кетейік, қосымшаны App Store және GooglePlayMarket арқылы жүктеп алуға болады.

Дереккөзtengrinews.kz