Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 15 қазанда қырғыз халқына елдегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты үндеу жасады.
Сооронбай Жээнбеков Қырғызстанда агрессия басылмай тұрғанын, азаматтар президенттің отставкаға кетуін талап етіп жатқанын айтты.
Бір жағынан — наразылық білдірушілер, екінші жағынан — құқық қорғау органдары. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдары Мемлекеттік резиденцияны қорғау үшін қару қолдануға мәжбүр. Бұл жағдайда қан төгіледі, бұл сөзсіз. Мен екі тарапты да арандатушылыққа бой алдырмауға үндеймін. Менің қымбатты отандастарым! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халқымыздың бірлігі және қоғамдағы тыныштық бәрінен бұрын маңызды. Мен үшін әр жерлесімнің өмірінен қымбат ештеңе жоқ. Мен билікті ұстап тұрған жоқпын. Мен Қырғызстан тарихында өз азаматтарына оқ атқан және қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым, — делінген президент үндеуінде.
Сооронбай Жээнбеков Жапаровты және басқа саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан алып кетуге және Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға үндеді.