Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
Ең көбі Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды, Қостанай облыстарында тіркелді. 5 қазаннан бастап Сақтану ережелі белгілі: бетперде тағу, санитайзер қолдану, арақашықты сақтау. Әр мектепте және балабақшада жұмыс істейтін дәрігерлер келген мұғалімдерді, тәрбиешілерді, оқушыларды міндетті түрде тепловизормен тексереді. Содан кейін ғана оқуға рұқсат береді, — деді Бағдат Қожахметов.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 145 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 74 бала бар.