Басты бетҚоғамАлматы облысында...

Алматы облысында 1,5 мыңнан астам кәсіпорынға қаржылай көмек беріледі

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасына 9,1 миллиард теңге, «Еңбек» бағдарламасы аясында қалаларға 279,5 миллион теңге, ауылды жерлерге 6 миллиард теңге бөлінген. Грант ұсынуға 804,3, «Жетісу» 1,0 миллиард теңге бөлінген.

Айта кету керек, Үкімет қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралардың арқасында облыста 118 875 кәсіпкерлік субъектілері салықтық жеңілдіктерге ие болды. Ал 641-і несие алу үшін кейінге қалдырылды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аймақтағы кәсіпорындарды қолдаудың дағдарысқа қарсы жоспарлары жасалуда.

2019 жылы Алматы облысында шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 1050,0 миллиард теңгені құрады. Шағын және орта бизнестің 2018 жылмен салыстырғанда 33,6 пайызға дейін өсті. Шағын және орта бизнес саласында 2020 жылдың қаңтар-наурызында 251,5 мың адам жұмыспен қамтылған. 2019 жылдың соңында өндіріс көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 7 пайызға өсіп, 1 535,6 миллиард теңгені құрады (2018 жылы 1 367,7 миллиард теңге).

2020 жылдың бірінші тоқсанындағы өндіріс көлемі 260,7 миллиард теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,4 пайыз. Сонымен бірге, бірінші жартыжылдықта өндірістің күтілетін көлемі 565,6 миллиард теңгені құрайды. Нақты көлем индексі – 100,5 пайыз. 2020 жылға арналған жоспар – 1 650,3 миллиард теңге. 2020 жылдың 8 айында бюджетке ШОБ-тан 70 миллиард теңге түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 миллион теңгеге артық.