Басты бетҚоғамОрдабасы ауданында...

Ордабасы ауданында 7 айда 11 мың тоннадан астам ет өндірілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданында биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша ірі қара малдың саны 74 мың, қой мен ешкі 432,1 мың, жылқы 25,6 мың, түйе 740 мың, құс 432,1 мың басқа жеткен.

Осы аралықта жалпы ауданда 11 365,2 тонна ет өндірілген. Оның 5944,7 тоннасы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына, 339,3 тоннасы дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтарына, 5 211,1 тоннасы жұртшылық шаруашылықтарына тиесілі.

Айта кетейік, бүгінде аудан көлемінде 355 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп келеді. Оның 76-сы биылғы жылы іске қосылған.