Түлкібас ауданында жаңа көпір қолданысқа берілді

Түлкібас ауданына қарасты Қарағашты ауылы тұрғындарының көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан көпір мәселесі шешімін тауып, ел игілігіне берілді.

Биыл көпір құрылысы қолға алынып, ел игілігіне беріліп отыр. Нысанның жалпы ұзындығы — 222 метр. Көпір — 90 метр, ал көпірден шығатын аяқ жол ұзындығы — 132 метрді құрап отыр.

Сонымен қатар түнгі жарықтандыру шамдары қойылыған.

Бұған қоса, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдай қарастырылған.