Атаулы әлеуметтік көмекпен шеберхана ашқан Сарыағаш азаматы

Ол жылдың басында аталған бағдарлама бойынша көмек алу туралы жергілікті әкімшіліктің тиісті бөліміне өтініш қалдырған. Сосын көп ұзамай ақпан айында 203 460 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сол қаржыға ағаш өңдейтін құрал жабдықтар сатып алып, тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауды қолға алған. Шебердің сөзінше, оюмен өрнектелген орындық, үстел, желбесік және сандыққа деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.

Шеберхана иесі алдағы уақытта қолынан іс келетін азаматтарды жұмысқа қабылдап, кәсібінің ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданында үстіміздегі жылдың 8 айында 3612 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның 869-на әлеуметтік көмектің шартсыз түрі тағайындалса, 2349-на шартты түрі тағайындалған.

«TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағына келетін әлеуетті инвесторларға қолайлы инвестициялық жағдайлар жасау мақсатында 2043 жылға дейін кеден салығынан, корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан, қосымша құн салығынан босату және өтеусіз негізде жер телімі беру қарастырылған.