Бұл хабар Түркияда тұратын қазақ диаспорасының кездесуі кезінде белгілі болды. Ыстамбұлдағы қазақтың көбі Зейтинбурну аймағында тұрады. Диаспора өкілдері үнемі кездесіп, қаланың әлеуметтік өміріне белсенді қатысады. Ыстамбұлдағы Қазақстан консулдығы ұйымдастырған соңғы кездесу аясында өткен ғасырдың 50-жылдары Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпақтары жиналды.
Бүгінгі кездесуде көптеген маңызды мәселелер талқыланды. Ыстамбұл да тұратын жергілікті қазақ жастары консулға өз сұрақтарын қойды. Ал біздің ай сайынғы «Қазақ елі» журналымыздың кезекті нөмірін Абайға арнады. Мұндай кездесулер жалғасады деп үміттенеміз, — деді түрік қазақтары бірлестігінің басшысы Ертолқын Ғайретуллах.
Телеарна атап өткендей, Түркия тұрғындары Абаймен жақсы таныс. Әртүрлі қалада ақынның құрметіне көшелер мен саябақтар аталған. Классиктің есімі Ыстамбұлдағы мектептердің біріне берілген. Ал жақын арада Ыстамбұл дағы үлкен даңғылға Абай есіме беріледі. Сонымен қатар, диаспора өкілдері үшін қазақ тілінен қосымша курстар енгізіліп жатыр.
Мен Ыстамбұлда туып-өскен қазақпын. Сондықтан мен үшін қазақ тілін үйрену өте маңызды. Біз осындай кездесулерді жиі өткізуге келістік. Егер біз үнемі кездесіп отырсақ, ана тілімізді үйреніп, бірлігімізді нығайта аламыз, — деді Ыстамбұл тұрғыны Гаппар Орхун Ақдаг.
Ыстамбұл сияқты үлкен қалада Абай құрметіне көше атау оңай шаруа емес. Анкарадағы Қазақстан елшілігі мен Ыстамбұлдағы консулдың күш-жігерінің арқасында бұл мәселе тез шешілді.