Қазақстандағы бір балабақшада COVID-19 дерегі тіркелді

Бағдат Қожахметовтің айтуынша, коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген барлық мектептегі қызметкерлер мен балалардың отбасы мүшелері бақылауға алынды.

Бүгінгі уақытта Қазақстанның екі өңірінде бірнеше мектепте және бір балабақшада 16 баладан коронавирус инфекциясы анықталды. Осы оқу орындары мен балабақшалар ереже бойынша 14 күнге жабылды. Барлық мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер, тәрбиешілер және балалардың отбасы мүшелері түгел ПТР тест тапсырып, бақылауға алынды. үйлерінде 14 күнге оқшауланды, — деді Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Қазақстанда коронавирусты барлығы 107 590 адам жұқтырды, 102 360 пациент жазылып шықты, 1 715 науқас қайтыс болды.