Сауалнама: Астана қаласының атауын «Нұрсұлтан» деп өзгертуге қалай қарайсыз?

«Біз Қазақстан Конституциясына Астана атауына қатысты өзгерту енгізуді ұсындық. Ата Заңда өзгерістер болуы мүмкін. Осы сұрақтар жөнінде әлі ақылдасатын боламыз. Бас қаланың атауын «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгін декларацияда осыны бастама етіп көтердік. Депутаттар оны қолдады», — деді Қуаныш Сұлтанов.

Сонымен қатар, халық қалаулысы бұл бастаманың бұрында көтерілгендігін айтты.

«Бұл сұрақ осыдан 5 жыл бұрын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткенде көтерілген болатын. Менің пікірімше, Астанаға тұңғыш президентінің атауын беруге лайықты. Әлемде мұндай тарихи деректер кездеседі. Менің ойымша, халық бұған лайық», — деді депутат.

Сөз соңында парламенті мәжілісінің депутаты аталмыш мәселеге қатысты соңғы шешімді елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтатынын атап өтті. Сондай-ақ, депутат елордада Тәуелсіз Қазақстан монументін тұрғызу бастамасы қаралып жатқандығын мәлімдеді.

[totalpoll id=»13969″]

Естеріңізге сала кетейік, Депутаттар Астана қаласына Назарбаевтың есімін беруді ұсынғанын хабарлаған болатынмыз.

ДереккөзБАҚ