Egemen Qazaqstan Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау құқығын иеленді

Project Syndicate авторларының қатарында әлемдік деңгейдегі сая­саткерлер, ғалымдар, зерттеушілер, бизнесмендер, 45 Нобель сыйлы­ғының лауреаты, 111 мемлекет басшысы бар. Жоба материалдары әлемнің 150 еліндегі 500-ден астам бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Project Syndicate-те жарық көр­ген колумнистер мен сарап­шылардың ең таңдаулы мақаласы мен пікірін, са­раптамасы мен шолуын қалың оқыр­манға қазақ тілінде ұсынатын бола­мыз. Бұл қадам еліміздегі медиа ке­ңіс­тіктің аясын кеңейтіп, жұртшылықтың сапалы ақпарат көздеріне деген қол­жетімдігін арттыра түсетіні сөзсіз. Газеттің бүгін қолдарыңызға тиген санындағы арнаулы бетте мақа­ла­лардың алғашқы легі жарияланып отыр, — деп жазады басылым.

Ұлыбританияның 1997-2007 жыл­дардағы премьер-министрі Тони Блэрдің Африкадағы ауыл шаруашылығына арналған мақаласында әлемдегі азық-түлік тап­шылығын болдырмас үшін «қара құр­лықтағы» осы саланы дамы­ту­дың маңызы туралы айтылады. Бұл мақала Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жол­дауында айтылған ауыл ша­руашылығын дамыту мәселесімен үндеседі. Ал коронавируспен күрес жөніндегі жарияланымда әлемді дүр сілкінткен індетпен тиімді күрес тәсілдері сөз болады.