Праймеризге қатысушы Қызылорда жастары Үндеу жариялады

Тұңғыш Президент – Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен елімізде Primaries партияішілік іріктеу өтіп жатыр. Алдағы уақытта ҚР Парламенті Мәжілісінде және барлық деңгейдегі мәслихаттарда жастардың үлесі 20% болады.

Қызылорда жастары бұл бастамаға ерекше қолдау танытып отыр. Статитистикаға сүйенсек, қазір облыс бойынша 35-ке толмаған праймеризге қатысушылардың үлес салмағы 144, ал облыс орталығында 29 адам. Айта кету керек, қазіргі таңда жас кандидаттар бағдарламаларын әзірлеп, түрлі форматта кездесулер өткізіп, ел ұсыныстарын жинақтауда. Мұнымен қоса, Primaries-дің үгіт-насихат жұмыстары барысында әрбір кандидат Jastar Otanga–2025 бағдарламасы аясында атқарылатын нақты міндеттерді ұсынып отыр.