МӘМС қоры дәрігерлерге үстемақы үшін 74 миллиард теңге бөлді

Тамыз айында коронавирус инфекциясымен және пневмониямен күреске тартылған 66 мыңнан астам медицина қызметкері жалақысына үстемақы қосып алады.

Қор эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлері мен мамандарға үстемақы төлеуді жалғастырып жатыр. Наурыз-тамыз айларында 73,7 миллиард теңге көлемінде қосымша қаржы төленді, — деді Болат Төкежанов.

Болат Төкежановтың айтуынша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес медицина қызметкерлерінің тізімі кеңейген. Оған мобильді бригадалардағы дәрігерлер мен медбикелер, МСАК жанындағы жедел жәрдем қызметкерлері, сонымен бірге әскери-медициналық, орталық атқарушы органдардың сот-медициналық бөлімшелерінің және өзге де орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлері кірді.

Тамыз айының қорытындысы бойынша қор COVID-19 және пневмониямен күреске тартылған 66 мың медицина қызметкеріне 17 миллиард теңгеге жуық үстемақы төлейді, — деп хабарлады ӘМСҚ басшысы.