Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

ҚР Үкіметі қаулысымен Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Х.Ж.Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық фармаколог болып бастады.

Әр жылдары Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармаларында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымында, Республикалық балаларды оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медицина технологиясы және ақпараттық жүйелер орталығында, ҚР Президенті іс басқармасының медицина орталығында жұмыс істеді.