Қазақстанда өткен аптада коронавирустан 28 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға елдің 11 өңірінде тіркелді.

Кейінгі аптада Шығыс Қазақстан облысындағы 6 адамның өліміне коронавирус себеп болған. Бұл өзге өңірлермен салыстырғанда көп. Ал Нұр-Сұлтанда, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Ақмола, Алматы облыстарында коронавирустан бірде-бір адам қайтыс болған жоқ.

COVID-19-дан қайтыс болған ең жас науқас — Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, жасы 29-да болған, ал ең үлкен науқас — 88 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны.

Атырау облысында — 5:

1967, 1961, 1956 жылғы ер адамдар,
1943, 1965 жылғы әйел адамдар.

Батыс Қазақстан облысында — 4:

1963, 1991, 1952 жылғы ер адамдар,
1939 жылғы әйел адам.

Шығыс Қазақстан облысында — 6:

1958, 1940, 1961 жылғы ер адамдар,
1937, 1980, 1960 жылғы әйел адамдар.

Солтүстік Қазақстан облысында — 1:

1957 жылғы әйел адам.

Қостанай облысында — 1:

1986 жылғы әйел адам.

Маңғыстау облысында — 1:

1932 жылғы әйел адам.

Қарағанды облысында — 3:

1939 жылғы ер адам,
1959, 1967 жылғы әйел адамдар.

Павлодар облысында — 1:

1967 жылғы ер адам.

Жамбыл облысында — 3:

1990, 1942, 1949 жылғы әйел адамдар.

Алматыда — 2:

1955, 1959 жылғы әйел адамдар.

Шымкентте — 1:

1963 жылғы әйел адам.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да