Алматы әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиевтің айтуынша, екі күндік шара (22-24 қыркүйек аралығында) жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және азайтуға бағытталған.
Оның мақсаты — алдын-алу жұмыстарын күшейту және жол қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын азайту. Бұл күндері жеке құрам күшейтілген режимде қызмет етеді, — деді Жандос Мұратәлиев.
Сонымен бірге бұл күндері полиция мас күйінде көлік жүргізген, қарама қарсы бағыттағы қозғалысқа шыққан, қауіпсіздік белдігін тақпаған, ұялы телефонмен сөйлескен, мемлекеттік нөмірсіз көлік айдаған азаматтарды анықтайды.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Көбіне жол апатына тек жүргізушілер емес, жаяу жүргіншілер де кінәлі. Сондықтан мен жол қозғалысының барлық қатысушысына жүгінгім келеді, көшелерді қатаң белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерінен және тек жасыл бағдаршамнан өтіңіздер. Жүргізушілер өте мұқият болуы және жол ережесін бұзбауы, жылдамдықты сақтауы керек, — деді полковник.