Басты бет / Жаңалықтар /
ПТР, коронавирус
Иллюстрация: Dribbble.com/©Bryan Vectorartist

Елімізде тағы 67 адамнан коронавирус анықталды

Жаңа дерек елдің 14 өңірінде анықталды. Шығыс Қазақстан облысында ең көп науқас (30) тіркелді.

Ал Павлодар, Алматы, Ақтөбе облыстарында коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас жоқ.

Алматыда — 14 353(+4);
Нұр-Сұлтанда — 14 009(+5);
Атырау облысында — 11 051(+4);
Қарағанды облысында — 10 231(+4);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 577(+30);
Батыс Қазақстан облысында — 6 843(+3);
Шымкентте — 5 187(+1);
Алматы облысында — 4 947(+0);
Жамбыл облысында — 4 119(+3);
Солтүстік Қазақстан облысында — 4 055(+4);
Павлодар облысында — 3 890(+0);
Қостанай облысында — 3 468(+3);
Ақмола облысында — 3 462(+2);
Түркістан облысында — 3 367(+1);
Маңғыстау облысында — 3 338(+1);
Қызылорда облысында — 3 240(+2);
Ақтөбе облысында — 3 237(+0).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 107 374-ке жетті, 102 064 адам жазылды, 1 703 науқас қайтыс болды.

Коронавируспен ауырып жатқандарға қатысты мәлімет

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 611 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 36 бала бар. Стационарларда 1 897, амбулатория жағдайында 1 714 пациент ем алып жатыр.

100 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың жағдайы аса қатты ауыр, 19 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook