Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

340 мың алматылық Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне сыйақы алады

Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, қала бюджетін үнемдеп жұмсау арқылы дәрігерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер, әлеуметтік жұмысшылар мен жағдайы төмен жандарды қолдауға қаржы бөлу мүмкіндігі пайда болды.

2016 жылы Алматыда жергілікті бюджеттен 123 миллиард теңге: жол айрықтарын оңтайландыру мен Универсиада мен құрылыс нысандарынан — 60 миллиард теңге, мемлекеттік-жеке серіктестік аясында әлеуметтік нысандар тұрғызу мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — 56,5 миллиард теңге, мемлекеттік сатып алулар бойынша — 6,5 миллиард теңге үнемделді.

Әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, жергілікті бюджет есебінен Алматының әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері бір айлық еңбекақы көлемінде сыйақы алады, ал жағдайы төмен халық тобының әрқайсысына 50 мың теңгеден беріледі.

Соманың жалпы құны 6,2 миллиард теңгені құрады, оған 114,3 мың адам сыйақы алады. Сонымен бірге, жанұяның өзге де мүшелері ескерілгенде, 340 мың алматылық қамтылады.

— 23,4 мың 1, 2 топ мүгедектеріне — 1,2 млрд.теңге;

— 4 мың көпбалалы анаға — 199,3 млн.теңге;

— 4,9 мың мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұяға — 243,7 млн.теңге;

— 19,2 мың ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне — 957,6 млн.теңге.

Мақалаға реакция

21 Пікір

  1. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Алдап кетпесе
  2. Д
    Даурен 10 жыл бұрын
    Ақтөбе облысына бермейма?
  3. А
    Айгул 10 жыл бұрын
    4балалы аналаргада бери леди МА
  4. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Құтты болсын басқа қалаларға сыйақы жоқ па?
    1. Ж
      Жолдасбек 10 жыл бұрын
      Неге баска обл тургындарына берилмейди 25 ж бир ак рет келеди гой
  5. Н
    Нурлыбек 10 жыл бұрын
    Арал каласы коп балалы отбасылыға барларга берлеме
  6. Қ
    Қанат 10 жыл бұрын
    Оңтүстік Қазақстан өз күніңді өзің көр дегені ғой. неге бүкіл қазақстандықтарға берілмейді сыйақы?
  7. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Неге алматыга кана бериледи
  8. G
    gul 10 жыл бұрын
    Ал басқа облыстың мемлекеттік қызметшілерінің "шаштары жоқпа" не? Тәуелсіз ел болуға Алматылықтар ғана қатысқан жоқ қой. Неге тек Алматылықтар ғана алады? Біз сонда еріккеннен жүрміз ба? Алде басқа обылыстағы қызметкерлер асып, тасып байып жатырмекен..."Болек жургенді бөрі жейді" Сол ушін болектенбейік. Болінетін қаржы бәрімізге бірдей бөлінсін !
    1. А
      Анонимно 10 жыл бұрын
      Әр аймақтың өз бюджеті бар емес пе .Өз әкіміңізден сұраңыз. Біз Бауыржан Бәйбекке ризамыз!
  9. С
    Сакен 10 жыл бұрын
    Азаматтыгы жок патер жолдап туратын оралмандарга берилема
  10. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    казакстан барлык жериндема
  11. А
    Аноним боранку 10 жыл бұрын
    Мангыстау облысындагы халыкка берилема озимде 5 балам бар жолдасым 45 жыл темиржолшы болып жумыс жасаиды халыкка бирдеи берсе жаксы болар еди аилыктан аилыкка карап отырмыз курттаи болсада комек болар еди.
  12. А
    Аноним 10 жыл бұрын
    Алматылықтар ма әлде Алматы облысындағылар ма??? Мен сол жағын түсінбедім?
  13. Г
    Гулнар 10 жыл бұрын
    Алматынын барлык аудан селоларына да берилеме сыйакы жок тек кала тургындарына ганама
  14. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Құтты болсн?
  15. Ж
    Жадыра 10 жыл бұрын
    Ооо құтты болсын, ал басқа ауданның бюджет саласындағыларға сыйақы жоқпа
    1. А
      Анар 10 жыл бұрын
      Жамбыл облысына қатысы бар ма сияқының? Мұғалім едім
  16. Е
    Елик 10 жыл бұрын
    Тәуелсіздігіміз құтты болсын баршамызға осы Тәуелсіздік алған жылда туылғандарды қоссада болар еди гой тек Алматылықтарды емес ол жиналган артық қаражат букіл Казакстанның 14 обылысынан жиналған қаржы емес пе?Сондықтан боліп жармаса екен облысқа?
  17. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Алматылык болсамда 5 баламен маган жок сумдык
  18. А
    Анонимно 10 жыл бұрын
    Шымкет облысына берилмейма