Асхат Оралов Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды

Асхат Оралов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында туған.

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, ҚР СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар университетін бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік тәрбие жұмысы департаменті Жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы болып бастады.

2013-16 жылдары Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Протокол бөлімінің аға маманы,

2014 жылдан 2016 жыл аралығында — Nur Otan партиясы «Нұр» филиалы төрағасының бірінші орынбасары,

2016-17 жылдары «Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы,

2017-18 жылдары «Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы,

2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін ҚР Дін және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры,

2018 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың сәуір айы аралығында Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасының орынбасары болып еңбек етті.

2019 жылдың сәуір айынан қазірге дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.