Басты бетҚоғам"Жұмыспен қамту...

«Жұмыспен қамту жол картасы». Түркістан облысында 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

Жобалар аяқталғаннан кейін 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан құрылысқа жергілікті халықты жұмыспен қамтуды міндеттедік. Жоба жүзеге асқанда тұрақты жұмыс орнын ашуды да шартқа енгіздік. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтылуына тікелей бағытталған «Еңбек» бағдарламасы аясында 1515 адамға техникалық және кәсіптік білім беріледі. 1 мың адам қайта оқуға жолдануда, – деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Ибраева.

Ал «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 2272 адам жолданды. Оның 1400-і оқуды аяқтап, сертификат алды. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша 549 адам шағын несие алды.